Сайлау нәтижесі апта соңында белгілі болады
3 қарашада АҚШ-та президент сайлауы өтті. Дауыс саны мен сайлау нәтижесі осы аптаның соңына дейін жарияланады. Әзірге дауыс саны бойынша Дональд Трамп алда келеді.
Осы ретте, Azattyq Rýhy тілшісі АҚШ-тағы саяси оқиғаға байланысты саясаттанушы Жұмабек Сарабековтен сұхбат алған еді. Халықаралық және америкалық сарапшылардың болжамына сүйенген саясаттанушы демократ Джо Байденның жеңіске жету мүмкіндігі жоғары екенін айтты.
«Әрине, АҚШ-тағы сайлау нәтижесінің әлемдік экономикаға әсер ететіні белгілі. Қазақстанға да ықпалы бар. Қазір басымдыққа ие болып тұрған үміткер Джо Байден билікке келетін болса, Ресейге салынатын санкциялар саны артатыны сөзсіз. Джо Байден бұрынғы президент Барак Обаманың саясатын жалғастырады. Ресейге салынатын санкциялардың көбеюі Қазақстан ұлттық валютасына теріс әсер етеді. Себебі, Қазақстан ЕАЭО-ға мүше, Ресеймен тығыз қарым-қатынастағы мемлекет»,- деді Жұмабек Сарабеков.
Сұхбаттың толық нұсқасы Youtube желісінде жарияланды.