Елбасы «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің бюросын шақыру туралы қаулыға қол қойды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары хабарлады 

Фото: ашық дереккөзден

Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің бюросын шақыру туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің бюросын 2020 жылғы 24 қарашада шақыру туралы қаулыға қол қойды», - деп жазды «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-дегі парақшасында.