Кездесуде Реформалар жөніндегі Жоғары Кеңестің 2021 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің кеңесшісі – Реформалар жөніндегі Жоғары Кеңес төрағасының орынбасары Сэр Сума Чакрабартиді қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
«Кездесу барысында биылғы жылдың желтоқсан айына жоспарланған Реформа жөніндегі Жоғары Кеңестің екінші отырысына дайындық барысы және Кеңестің 2021 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды», - деп жазылған хабарламада.