Кездесуде экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды
Елбасы, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі Кеңестің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктері Премьер-Министрінің орынбасары, Президент істері жөніндегі министрі шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянмен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі elbasy.kz-ке сілтеме жасап.
«Кездесуде экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Тараптар Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминнің жуырдағы сапары кезінде құны 6 миллиард АҚШ долларын құрайтын инвестициялық жобаларды іске асыру туралы қол жеткізілген уағдаластықтарды ерекше атап өтті», - деп жазылған ақпаратта.
Сонымен қатар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен шейх Мансур мәдениет және туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.