Бұл ешқандай тапсырыс емес - Алик Шпекбаев Мәнізоровтың мәлімдемесі жайлы

Автор: Azattyq Rýhy

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Алматы облысы әкімінің орынбасарына қатысты пікір білдірді

Фотоколлаж

Естеріңізде болса, кеше Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров «Azattyq Rýhy» тілшісіне сұхбат беріп, өзінің үстінен қозғалған үш бірдей қылмыстық іске қатысты «Тапсырыс беріп, аяқтан шалмақ болды» деп жауап берген еді.

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтың кешегі мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

«Ешқандай тапсырма жоқ. Жүйелі істің нәтижесінде осылай болды. Прокуратура бізге алдымен жауабын берсін. Сосын сіздерге айтамыз», - деп қысқа ғана жауап берді.

30 қазанда Мәжілістің жалпы отырысынан соң Бас прокуратура өкілі Мәнізоровтың ісінде қылмыс құрамы жоқ екенін, сондықтан, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлерінің өзін жазаға тарту керек екенін айтқан болатын. Ал, Агенттік ішіндегі бірінші тергеу департаментінің басшысы Қанат Сүлейменов Бас прокуратураның шешімімен келіспейтінін мәлімдеді

Ал агенттіктің ұстанымына қатысты Алик Шпекбаев:

«Біз өз пікірімізді айттық. Сол пікірдеміз. Бітті», - деді.