Жээнбеков экс-президент мәртебесін алды

Автор: Azattyq Rýhy

Президенттік билік қолына өткен Садыр Жапаров жарлыққа қол қойды

Фото: kabar.kg

Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Садыр Жапаров кеше отставкаға кеткен Сооронбай Жээнбековке қатысты Қырғыз Республикасының экс-президенті туралы жарлыққа қол қойды.

Еске сала кетейік, 15 қазанда Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кету туралы шешім қабылдады.

Қырғыз Республикасы конституциясына сәйкес, президент өз өкілетін мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда билік парламент төрағасына өтеді. Алайда, Жогорку Кенеш төрағасы президент өкілеттігін орындаудан бас тартып, жоғарғы билік Қырғызстан премьер-министрі Садыр Жапаровтың қолына өтті.