Бұған дейін ол қызметті Нұрлан Әбдіров атқарды
«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter желісінде Саяси кеңес бюросының шешімімен партияның құқықтық кеңесінің жаңа төрағасы тағайындалғанын хабарлады.
«Nur Otan» фракциясының депутаты, Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусин Саяси кеңес бюросының шешімімен партияның құқықтық кеңесінің төрағасы болып тағайындалды», - деп жазды ол.
Сондай-ақ Сенат төрағасының орынбасары болып сайланған Құқықтық кеңестің алдыңғы төрағасы Нұрлан Әбдіровке партия басшылығы атынан алғыс айтты.