Эмомали Рахмон Тәжікстан президенті болып қайта сайланды

Автор: Azattyq Rýhy

Оған сайлаушылардың 90,92%-ы дауыс берген

Фото: ria.ru

Тәжікстанның қазіргі президенті Эмомали Рахмон 11 қазанда өткен президент сайлауында жеңіске жетті. Республикалық орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, оған сайлаушылардың 90,92%-ы дауыс берген.

Президент сайлауына Рахмоннан бөлек, тағы төрт кандидат қатысты – олардың барлығы жергілікті парламент депутаттары. Нақтырақ айтатын болсақ, Миродж Абдуллоев (Коммунистер партиясы), Рустам Латифзода (Аграрлық партия), Рустам Рахматзода (Экономикалық реформа партиясы) және Абдухалим Гаффорзода (Әлеуметтік партия).

Соңғы мәліметтерге сәйкес, президент сайлауына қатысқан дауыс берушілердің саны 85,39%-ды құраған.