Путин Армения мен Әзербайжанның Сыртқы істер министрлерін шақырды

Автор: Azattyq Rýhy

РФ Президенті екі елді әскери қақтығысты тоқтатуға шақырды

Фото: ашық дереккөзден

Армения және Әзербайжан сыртқы істер министрлері Ресей Федерациясына Қарабақ бойынша консультация үшін шақыртылды, деп хабарлайды РИА Новости.

«Ресей сыртқы істер министрінің бітімгершілігі аясында Әзербайжан және Арменияның Сыртқы істер министрлері 9 қазанда Мәскеуге Қарабақтағы жағдай бойынша консультация өткізуге шақыртылды», - деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ бейсенбі күні кешке Владимир Путин екі елді әскери қақтығысты тоқтатуға шақырды.