Алматыдағы праймериздің басты айырмашылығы — медиа тұлғалардың көп қатысуы болды
Алматы әкімі, «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Б.Сағынтаев партияның аудандық филиалдарының төрағаларымен және праймеризде көп дауыс жинаған белсенді қатысушыларымен онлайн-кездесу барысында өткен партияішілік сайлауды талқылады.
Кездесуді ашқан Бақытжан Сағынтаев Алматыда төрт күндік дауыс беруге 43 008 нұротандық қатысқанын, бұл Алматыдағы партия мүшелерінің жалпы санының 73%-ын құрайтынын атап өтті.
Партияішілік іріктеу идеясы көпшіліктің қызығушылығын тудырды, өйткені тіркелген кандидаттардың 54%-ы өзін-өзі ұсынған, ал 46%-ын мегаполистің сегіз ауданында орналасқан бастауыш партия ұйымдары ұсынған.
Кандидаттардың жас аралығы да әртүрлі болды. Қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуровтың айтуынша, праймериздің ең жас қатысушысы 20 жастағы шахматшы, халықаралық шебер және әйелдер арасындағы гроссмейстер Жансая Әбдімәлік болса, ең үлкен қатысушы — 69 жаста.
Алматыдағы праймериздің басты айырмашылығы — медиа тұлғалардың көп қатысуы. Олардың ішінде белгілі журналист Сергей Пономарев, блогер Мейіржан Төребаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жәмиля Серкебаева, тележүргізуші Қарагөз Сүлейменова, дизайнер Аида Кауменова, паралимпиадашы Серік Есматов және т. б. бар.
«Праймеризге 50-ге жуық жаңа тұлғалар қатысты, оның ішінде 25 әйел және 35 жасқа дейінгі 16 жас адамдар болды. Мұны өте жақсы нәтиже деп есептеймін, өйткені партияішілік іріктеудің өзі әуел бастан партияны жаңартуды көздеген еді», — деп атап өтті С. Канкуров.
Осылайша, праймеризді өткізу нәтижесінде Алматы бойынша кандидаттардың орташа жасы 43 жасты құрады, ал қазіргі қызметтегі депутаттар арасында орташа жас — 52 жас.
Егер кандидаттардың кәсібилігі туралы айтатын болсақ, онда Алматының шағын және орта бизнес субъектілері өкілдерінің саны бойынша көшбасшы екенін ескеру қажет. Праймеризден өткен кандидаттардың 45%-ы бизнес құрылымдардың өкілдері. Олардан үкіметтік емес ұйымдар мен этномәдени бірлестіктердің қатысушылары да шет қалған жоқ.
Еске салсақ, үгіт-насихат жұмыстарының барлық кезеңінде праймериз кандидаттарымен-партияластармен 5 мыңға жуық кездесу, 40-тан астам дебаттық турнирлер өтті, қатысушылармен кездесу аясында 150 мыңнан астам адам қамтылды.
Алматыдағы праймериздің ерекшелігі әрбір алматылық үміткерлерге сұрақ қоя алды, ол үміткерлердің де, партияның аудандық филиалдарының да ресми аккаунттарында хабарлама қалдыру арқылы жүзеге асты.
Сонымен қатар, үгіт-насихат іс-шаралары барысында кандидаттар мен Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалына қалалықтардан әлеуметтік, көлік, экономика, азаматтық қоғам, құқық қорғау жүйесі, экология, ТКШ мәселелері бойынша 800-ден астам аманаттар мен ұсыныстар түсті. Олардың 200-ден астамы Алматы қалалық филиалының алдағы 5 жылға арналған сайлау алды бағдарламасының жобасына енгізілді.