Асқар Әбдірахманов – Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдрахмановтың ұлы
ҚР Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы болып Асқар Сауытбекұлы Әбдірахманов тағайындалды.
Ол 1979 жылы туған. 2002 жылы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (Дүниежүзі тарихы) бітірген.
Еңбек жолын ҚР БҒМ ҒК Шығыстану институтында және Тұңғыш Президент қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтында ғылыми және оқытушылық жұмыстан бастап, Польша, АҚШ және Францияда тағылымдамалар мен біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Кейін Президент әкімшілігінде Мемлекеттік хатшының хатшылығында жұмыс істеді. 2009 жылдан бастап – ҚР СІМ жүйесінде жұмыс істеп келеді. Халықаралық ақпарат комитетінің басқарма басшысы және төрағасының орынбасары, Қазақстанның Польшадағы елшілігінің кеңесшісі лауазымдарын атқарды.
ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалғанға дейін 2018 жылғы қаңтардан бастап Париж қаласындағы ЮНЕСКО жанындағы ҚР тұрақты өкілінің орынбасары қызметін атқарды.
Екінші сыныпты кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар. Ағылшын, поляк және француз тілдерін меңгерген.