БАӘ-де жазасын өтеп жатқан Қазақстанның 6 азаматы бар
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Еске сала кетейік, 2 қыркүйекте Мәжілістің жалпы отырысында баяндама жасаған ҚР Бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев БАӘ-де жазасын өтеп жатқан Қазақстанның алты азаматы (бес ер адам және бір әйел) барын айтты. Ал Қазақстанда жазасын өтеп жатқан БАӘ-нің бірде-бір азаматы жоқ екен.