Қазақстан бойынша праймеризге қатысушыларға дауыс беру өтіп жатыр
Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев праймериздегі онлайн дауыс беруге қатысты. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.
«Елбасы ішкі партиялық іріктеуге қатысушылардың үгіт-насихат жұмыстарын және қоғамдық пікірталастарды мұқият бақылағанын атап өтті. Қазақстанның Тұңғыш Президенті үгіт-насихат пен пікірталастар кезінде партия назарға алуы тиіс бірқатар конструктивті ұсыныстар айтылғанына тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаев барлық партия мүшелерін дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды», - делінген хабарламада.
Праймериздің негізгі мақсаты – алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауларына партиялық тізімдерді қалыптастыру үшін бәсекелес күрес негізінде жаңа көшбасшыларды айқындау.