Бұған себеп - Песковтың Навальныйды ЦРУ-мен байланыста әрекет етеді деп айтуы
Ресей оппозиционері Навальный Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковты сотқа беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі navalny.com сайтына сілтеме жасап.
Бұған себеп - Песковтың Навальныйды АҚШ-тың Орталық барлау қызметімен (ЦРУ) байланыста әрекет етеді деп айтуы.
«Мен туралы қанша өтірік айтса да, пропагандашыларды сотқа сирек беретінмін. Уақытымды кетіргім келмейді. Бірақ бұл жерде мемлекеттік шенеуніктің мәлімдемесі тұр. Песковты сотқа беретін болдым. Сонымен қатар одан менің ЦРУ-мен жұмыс істейтінімнің дәлелі мен фактілерді жариялауын сұраймын», - деп жазды Навальный.
Естеріңізге сала кетсек, Алексей Навальный 20 тамызда ұшақта есінен танып қалған еді. Кейіннен оның уланғаны анықталып, Навальный Берлин ауруханасына жатқызылды.