Асқар Жұмағалиев елші болып тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Мемлекет басшысы бірқатар ауыс-түйіс жасады

Фото: Батыржан Беспаев

Бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанның Нидерланд корольдігіндегі елшісі болып тағайындалды. 

Мемлекет басшысының жарлығымен Қайрат Омаров ҚР Аустрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, ҚР Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі қызметінен босатылды.

Сондай-ақ, Мағжан Ілиясов Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі қызметіне тағайындалды, ол ҚР-ның Нидерланд корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы ҚР тұрақты өкілі қызметін қоса атқарудан босатылды.