Ол тараптарды келіссөз жүргізуге шақырды
БҰҰ бас хатшысы Антониу Гуттереш Ереван мен Бакуді шайқасты дереу тоқтатып, шиеленісті азайтуға және келіссөз жүргізуге шақырды. Бұл туралы БҰҰ бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап.
«Бас хатшы Таулы Қарабақтағы шиеленіске байланысты алаңдап отыр. Сонымен қатар ол адамдардың өлімі, әсіресе, бейбіт тұрғындардың өліміне алаңдаулы», - деп жазылған хабарламада.
Антониу Гуттереш Ереван мен Бакуді шайқасты дереу тоқтатып, шиеленісті азайтуға және келіссөз жүргізуге шақырды.