БҰҰ еріктілері ҚР Президентіне алғыс білдірді

Автор: Azattyq Rýhy

Қасым-Жомарт Тоқаевтың еріктілерді жұмылдырудың халықаралық жылын жариялау ұсынысы оларды жігерлендірді

Фото: ашық дерек көзінен

БҰҰ Еріктілер Бағдарламасы Қазақстан Президенті мен еліміздің Үкіметіне 2020 жылды еріктілер жылы деп жариялағаны үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. Бұл туралы хабарлама ұйымның Twitter-дегі ресми парақшасында пайда болды. 

ҚР Президентінің еріктілерді жұмылдырудың халықаралық жылын жариялау ұсынысы оларды қолдау дәрежесін білдіреді. The UN Times газетінің тағы бір ресми аккаунты Мемлекет басшысының сөйлеген сөзінен бірнеше негізгі тезистерді бөліп көрсетті. 

«Кез келген дағдарыста мүмкіндіктер бар. Біз жақсырақ, экологиялық таза, тиімді, әділ және инклюзивті әлем құра аламыз. COVID-19-бен күресу үшін барлық күш-жігер моральдық қағидаларды басшылыққа алуы керек, яғни адамдарды бірінші орынға қою керек», - делінген хабарламада.