Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Сумма Чакрабарти Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
«Мемлекет Басшысының өкімімен Сэр Сумма Чакрабарти (Sir Suma Chakrabarti) Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық даму жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды», - делінген хабарламада.
Айта кету керек, бұған дейін бұл қызметте қазақстандық экономист Олжас Құдайбергенов жұмыс істеген еді.