Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Жаңадан құрылған агенттік төрағасы қызметіне Серік Жұманғарин тағайындалды

Мемлекет басшысының жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы қызметіне тағайынды.

Айта кетсек, бұған дейін Серік Жұманғарин ұлттық экономика вице-министрі, монополияға қарсы ведомствоның төрағасы, өңірлік даму вице-министрі қызметтерін атқарып, монополияға қарсы комитеттің өңірлік бөлімшелерін басқарған.

Еске сала кетейік, 9 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қазақстанда жаңадан екі агенттік құру туралы жарлыққа қол қойды. Жаңадан құрылған агенттікке тиісті тауар нарықтарында бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеу саласындағы Ұлттық экономика министрлігінің функциялары мен өкілеттіктері берілмек.