Сондай-ақ, дәл осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен облыстық құрылыс басқармасының басшысы ұсталды
Бүгін, 10 қыркүйекте, 182 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының бастығы Тимур Басаров ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Ақ Жайық»-қа сілтеме жасап.
Оларды ел астанасынан Атырауға арнайы келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бір топ қызметкерлері ұстаған. Істің егжей-тегжейі әлі хабарланған жоқ.