$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.09.2020, 18:34
Саясат

«Тендер алғандар көкелерімен қорқытады»: Отставкаға өтініш жазған Текелі әкімі

Бақтияр Өнербаевтың үстінен арыз жазған кім және оның қызметтен кетуіне халық неге қарсы? 

Алматы облысы Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев 27 тамызда отставкаға кетуге өтініш жазғанымен, оның өз орнында қалуы немесе қалмауы жақын күндері шешілмек. Талдықорғаннан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырым жерде орналасқан моноқаланы басқаруға барған мемлекеттік қызметкердің қарамағындағы шенеуніктердің бірі парамен ұсталған болатын. Бақадүр Норқұловқа қатысты 2020 жылдың 6 тамызында Алматы облысы Текелі қалалық сотының үкімі шықты. Сот шешіміне сәйкес, оған 15 миллион теңге айыппұл салынды.

Azattyq Rýhy тілшісіне жеке ашық сұқбат берген қала басшысы Бақтияр Өнербаев соңғы төрт жылда Текеліде атқарылған шаруалар мен кездескен кедергілер туралы айтты. Әсіресе инфрақұрылым мен қаладағы халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған бюджет қаражатын игеруде мердігер компаниялардың құлықсыздығы мен конкурс өткізудегі заңның шикіліктерін сынады. Аумаққа еліміздің өзге өңірлерінен тамыр-таныстықпен келіп, дайындықсыз іске кірісетін фирмалар шаһарды дамытпай отыр дейді қала әкімі.

Ол сондай-ақ өз қарамағында істейтін Тұрғын-үй коммуналдық бөлімінің басшысы Ғалым Қызылбаев деген азаматтың былығы мен өзіне қарсы арыз ұйымдастырып, жұмыс істеуге кедергі болып отырғанын айтады.

Ол «әкіммін» деп тоқмейілсімейтінін, мейілінше қарапайым болуға тырысатынын және популистік әрекеттерден де аулақ екенін айтады. Ал Текелі халқы соңғы төрт жылда атқарылған шаруаларға қарап, оның орнында қалуын талап етіп отыр. Бірақ заң талаптарына сәйкес, қала басшысының жұмысын жалғастыру мәселесін Президент әкімшлігі мен Алматы облысының әкімі бір ай мерзімде шешуі тиіс.

Серіктес жаңалықтары