Бұл туралы қоғам белсендісі өзінің facebook-парақшасында жазды
Мұхтар Тайжан өз жазбасында көрші қырғыз елін мысалға келтірген. Оның сөзінше, халқы Қазақстаннан 3 есе аз болса да Қырғызстанда 200-ден астам партия бар.
«Қазір біраз белсенділер партия құрамыз деп жатыр. Бұл дұрыс я табиғи нәрсе деп білем. Елімізде көп партия болуы қажет. Бізден үш есе халқы аз Қырғызстанның өзінде 200-ден астам партия бар. Ал бізде небәрі 6-7 партия ғана... Сондықтан партия құруды мен өз басым құптаймын, дұрыс. Заң жүзінде мұндай мүмкіндік ашылса, біз де достарымызбен бірге партия ашамыз деп жоспарлап отырмыз. Саяси бәсекелестіктің арқасында ғана қоғам дамиды», - деп жазған М.Тайжан.
Айта кетейік, Мұхтар Тайжан Ұлттық сенім кеңесінің, сондай-ақ, бұған дейін жұмыс істеген Жер комиссиясының мүшесі.