01.09.2020, 15:22
Саясат
Сенатта комитет басшылары сайланды
Парламенттің жоғары палатасында алты комитет бар
Фото: parlam.kz
Сенат алдағы уақытта жаңа депутаттық құраммен жұмыс істейді. Нақты айтқанда, 2020 жылдың 12 тамызында Сенат депутаттарының сайлауы өтіп, оның қорытындысы бойынша Ольга Перепечина, Әли Бектаев, Сергей Ершов және Айгүл Қапбарова жаңа мерзімге қайта сайланды. Сондай-ақ, сенаторлар қатарына жаңадан 13 депутат қосылды. Палатаның бүгінгі отырысы кезінде олар ант қабылдады.
Сенат Төрағасының орынбасары болып Нұрлан Әбдіров сайланды.
Одан бөлек, Сенат комитеттерінің құрамы белгіленіп, олардың төрағалары сайланды:
- Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы болып Владимир Волков;
- Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болып Ольга Перепечина;
- Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып Мұхтар Құл-Мұхаммед;
- Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы болып Дәурен Әділбеков;
- Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы болып Мұрат Бақтиярұлы;
- Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы болып Әли Бектаев сайланды.
Көп оқылған
23.10.2026, 15:58
«Немереме келін іздеп жүрмін»: Тоқаевтың қолынан «Отан» орденін алған Алтынбек Қоразбаев журналист қызға «құда түсті» (ВИДЕО)
23.10.2026, 16:16
«Дұшпан алыстан келмейді»: 4500 жетімге пана болған Әмина апа өміріндегі қиындықтары туралы айтты (ВИДЕО)
23.10.2026, 10:47
Балқаштың жерін тас-талқан етіп қазып тастаған жігіт ұзақ жылға сотталуы мүмкін (ВИДЕО)
23.10.2026, 09:39
«Бүгінге дейін 20 үй алатын ақшам болған шығар»: танымал актер мүшкіл жағдайын еске түсіріп, жылап қалған (ВИДЕО)
23.10.2026, 12:45
18 градус суық: Қазақстанда демалыс күндері ауа райы суытып, қар жауады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды