$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.08.2020, 12:23
Саясат

Алматыда праймеризге қатысуға 300-ге жуық адам тіркелді

Праймериз бәсекесінде Алматыда бір орынға сегіз адамнан келеді

Алматыда праймеризге қатысуға 300-ге жуық адам тіркелді
Фото: баспасөз қызметінен

Бүгін 17 тамызда басталған праймеризге тіркеудің алғашқы кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Нәтижесінде Алматыда партияішілік іріктеуге қатысуға 299 адам тіркелді. Оның ішінде 35,5% әйелдер, 35,5% жастар және ерекше қажеттіліктері бар адамдар, көп балалы аналар, еріктілер және басқалар бар. Бүгін ұйымдастыру комитеті үміткерлердің құжаттарын тексеруді аяқтайды, содан кейін толық тізім праймериз сайтында жарияланады. Алматы бойынша өтінімдер санына негізделсек, бәсекелестік праймеризде бір орынға 8 адамды құрайды деп айтуға болады», - деп жазылған хабарламада.

Келесі кезеңдерде кандидаттарды үгіттеуге дайындау, үгіт-насихат жұмыстары және дауыс беру басталады.

Естеріңізге сала кетейік, электронды дауыс беру 1-3 қазан аралығында өтеді

Серіктес жаңалықтары