$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.08.2020, 16:43
Саясат

Қазақстан мен АҚШ терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады

Қарулы қақтығыс ошақтарынан оралған қазақстандық азаматтарды әлеуметтік оңалтуға ерекше назар аударылды

Қазақстан мен АҚШ терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады
Фото: ашық дереккөзден

Президенттің Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі – ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Қалиевтің АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілдерімен бейнеконференциясы өтті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.

«Кездесу барысында тараптар терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Қарулы қақтығыс ошақтарынан оралған қазақстандық азаматтарды әлеуметтік оңалту және реинтеграциялау мәселелеріне ерекше назар аударылды»,- делінген хабарламада.

Қатысушылар жұмыс байланыстарын одан ары қолдау туралы келісе отырып, ағымдағы өзара іс-қимылдарға қанағаттанатындарын білдірді.

Серіктес жаңалықтары