28.08.2020, 14:51
Саясат
ОСК жаңадан сайланған Сенат депутаттарын тіркеді
ОСК төрағасы тіркелген депутаттарға куәліктер мен төсбелгілер табыстады
Фото: election.gov.kz
12 тамыздағы сайлауда сайланған Сенат депутаттарын тіркеу мәселесі бойынша бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Отырысқа Жоғары палатаның сайланған депутаттары, сенаторлар кеңесінің мүшесі Қуаныш Айтаханов, видеобайланыс режимінде облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссиялары қатысты.
12 тамыздағы сайлауда сайланған Сенат депутаттарын тіркеу туралы қаулы қабылданды. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев тіркелген депутаттарға куәліктер мен төсбелгілер табыстады.
Биыл Сенатқа кімдердің депутат болып сайланғанын көрсетілген сілтемеден оқи аласыздар.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды