Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары тағайындалды
Ардақ Әшімбекұлы Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы міндетін де қоса атқарады
Бүгін Мемлекет басшысының өкімімен Ардақ Әшімбекұлы ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы болып тағайындалды.
Ардақ Әшімбекұлы 1977 жылы 1 мамырда дүниеге келді. 1995 жылы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара әскерлерінің әскери институтына түсіп, 1999 жылы «бөлімшелердің қызметтік-жауынгерлік іс-әрекеттерін басқару» мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ 2014 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
1999-2001 жылдары ҚР Республикалық ұланының қатарында офицерлік лауазымдарда болған.
2001-2006 жылдары ҚР Президенті Күзет қызметінде түрлі офицерлік басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. 2006 жылдан Қызметтің әртүрлі құрылымдық бөлімшелерін басқарған.
2013 жылдан ҚР Президенті Күзет қызметі бастығының бірінші орынбасары – Президенттің қауіпсіздік қызметінің бастығы болды.
2014 жылдан ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды.
2019 жылы ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің басшысының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті – Елбасы Күзет қызметінің басшысы болды.