Бұл туралы Украинаның Сыртқы істер министрі мәлімдеді
Украина Белорусь елімен қарым-қатынасын тоқтатты. Бұл жайында 1+1 телеарнасының эфирінде Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy РИА Новостиге сілтеме жасап.
«Мен бұл жайында ресми хабарлаймын. Біз мән-жайды бақылап отырмыз. Олардың әрекеттері Украинаның беделіне нұқсан келтірмейтініне көзіміз жеткенде ғана байланысымыз қайта жанданады», - деді Кулеба.
Дипломатиялық ведомство басшысы Владимир Зеленский Александр Лукашенкомен соңғы рет сайлау алдында сөйлескенін айтты.
Сонымен қатар, Дмитрий Кулеба Киев Донбасс жөніндегі келіссөз алаңын Беларусь астанасынан көшіру жөнінде шешім қабылдау қажеттігі туындауы мүмкін екенін де айтты.