1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Автор: Azattyq Rýhy

Қыркүйекте депутаттар демалыстан шығады

Фото: ашық дереккөзден

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2020 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын» - делінген өкім мәтінінде.

Естеріңізге сала кетейік, 12 тамызда Қазақстанда Сенат депутаттарының сайлауы өтті. Заңға сәйкес, 17 өңірден бір-бір депутаттан Парламенттің жоғарғы палатасына сайланды.