БҚО-да төрт жасар қыз құдыққа батып кетті
Люк тереңдігі екі жарым метр болған
4 жасар қыз ашық құдыққа құлап, қаза тапты. Қайғылы оқиға Батыс Қазақстан облысының Жаңақазан ауылында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар-24»- ке сілтеме жасап.
Төрт жасар қыз тереңдігі екі жарым метр құдыққа құлап, батып кетті. Люк жеке үйдің ауласында болды. Қазір факт жазатайым оқиға ретінде тергелуде.
«Анасы мен баласы, әжесі үйде болған кезде қараусыз қалған бала ашық тұрған құдыққа құлап қалды. Қазір мұндай қайғы-қасірет үстінде, әрине, ата-аналарды кінәлау ауыр, бұл өмір бойы орны толмайтын оқиға»,- дейді Жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналды полиция тобының инспекторы Диляра Сатарова.
Айта кетерлігі, осы айдың басынан бастап бес адам ашық құдыққа құлап, көз жұмды. Қайғылы оқиғалар үш облыста орын алды.