Жапония үкіметі отставкаға кетті
Жапония үкіметі сәрсенбі күні таңда толық құрамда отставкаға кетті, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy Киодо агенттігіне сілтеме жасап.
Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ өз кабинетінің мүшелерінен отставкаға кету туралы өтініштерін қабылдады. Бүған тамыз айында Парламенттің жоғарғы палатасындағы сайлауда партия жеңіске жеткеннен кейін және қазан айында тұтыну салығын 10 пайызға дейін көтеру алдында үкімет құрамын өзгерту жоспары себеп болды.
Былтыр қазанда үкіметтегі ауыс-түйіс кезінде өз орындарын сақтап қалған министрлердің барлығы дерлік кетіп, тек екеуі қалатын болды. Олар үкіметтің бас хатшысы Есихидэ Суга мен қаржы министрі Таро Асо.
Екі министр өзара орын ауыстырады. СІМ басшысы Таро Коно экономика министрі атанса, Сыртқы істер министрлігін қазіргі уақыттағы Экономиканы қайта қалпына келтіру министрі Тосимицу Мотэги басқарады. Бұрынғы кабинеттің кезінде министр лауазымдарын атқарған тағы да екі адам үкімет мүшелігіне қосылады.
Бүгін түстен кейін жаңа үкімет мүшесінің тізімі жарияланады. Ал, кешкі уақытта ел императорының жаңа министрлер кабинетін бекіту рәсімі өтеді.