$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.08.2020, 00:19
Саясат

«Nur Otan» праймеризі: Алматыда үміткерлердің 25 пайызы - жастар

Партия праймеризіне қатысуға 96 алматылық ниет білдірген

«Nur Otan» праймеризі: Алматыда үміткерлердің 25 пайызы - жастар
Фото: ашық дереккөзден

«Nur Otan партиясы» Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров праймериздің өту барысы туралы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Саяси өзгерістер мен жаңа көшбасшылар үшін уақыт келді. Қазақстандық қоғамда жаңа тұлғалар мен идеяларға сұраныс пайда болды. Сондықтан бұл жолы біз жастар мен әйелдерді өз қатарымызға тартуға ерекше көңіл бөлеміз. Тіпті, праймеризді өткізу ережесінде тізімде әйелдердің кемінде 30% және 35 жасқа дейінгі жастардың кемінде 20% болуы тиіс деп жазылған. Осылайша, праймериз ең лайықты кандидаттарды таңдауға көмектеседі. Олар өз кезегінде ел тарихында өз ізін қалдырады деп ойлаймын»,– деді Станислав Канкуров.

Оның айтуынша, 7 қыркүйектен 3 қазанға дейін кандидаттар үгіт жұмыстарын жүргізеді. Осы кезеңде 14-30 қыркүйек аралығында карантинге байланысты барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жария пікірсайыстар өткізу жоспарлануда.

«Электронды дауыс беру 1-3 қазан аралығында жаңа ақпараттық жүйе арқылы онлайн режимінде өтеді. Ол «Праймериз» деп аталады. Алматыда партия мүшелерінің саны 60 мыңнан асады – бұл қала сайлаушыларының 7% жуығы»,– деді ол.

Бүгінгі күні «Nur Otan» праймеризіне қатысуға 96 алматылық ниет білдірді. Олардың 30% әйелдер, 25% жастар, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар адамдар, көпбалалы аналар, еріктілер және басқалар бар.

Серіктес жаңалықтары