Тоқаев ресми іс-сапармен Қытайға барды

Автор: Azattyq Rýhy

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз өткізеді

Фото: facebook.com/people/Берік-Уәли

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР-ға мемлекеттік сапармен келді, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Пекинде Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің 6-отырысының ашылуына қатысады және Қытай қоғамдық ғылымдар академиясында дәріс оқуы жоспарланған. Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен және Қытайдың бірқатар саяси және іскерлік топтарымен келіссөз өткізеді», - деп жазды Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында.

Қазақстан Президенті Қытайға жасаған екі күндік сапарының аясында Ханчжоу қаласына да барып, инновациялық өнімдерді әлемдік нарыққа шығару бойынша көшбасшы «Hikvision» компаниясының жұмысымен танысады.

Сонымен қатар,бағдарлама аясында «Alibaba» компаниясының кеңсесіне барып, Джек Мамен кездесу жоспарланған.