19.08.2020, 09:40
Саясат
Джо Байден АҚШ президенттігіне үміткер ретінде тіркелді
Елдегі президенттік сайлау 3 қарашада өтеді
АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Джо Байден Демократиялық партия атынан АҚШ президенттігіне үміткер ретінде тіркелді, деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы партияішілік дауыс беруден кейін белгілі болды.
АҚШ штаттарындағы партиялық делегациялар праймериз өткізіп, виртуалды дауыс беру нәтижесінде Джо Байденнің алдына түсер ешкім болған жоқ. Айта кету керек, коронавирус пандемиясына байланысты демократтардың съезі онлайн-форматта өткен.
3 қарашада өтетін президенттік сайлауда Байденнің негізгі қарсыласы қазіргі президент Дональд Трамп болады.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды