«Nur Otan» партиясының праймеризіне кандидаттарды тіркеу басталды

Автор: Azattyq Rýhy

Тіркеуден кейін кандидаттар насихат жұмысына кіріседі

17 тамызда Қазақстан бойынша «Nur Otan» партиясының праймеризіне кандидаттарды тіркеу басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. Тіркеу 28 тамызға дейін жалғасады.

Ал, 7 қыркүйектен 3 қазанға дейінгі аралықта кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, 14-30 қыркүйек аралығында жария дебат өтеді деп жоспарлануда.

Электронды дауыс беру 1-3 қазан аралығына жоспарланған. Шалғай ауылдағы тұрғындар үшін бюллетень арқылы да дауыс беру қарастырылған.

Кандидаттардың рейтингі көрсетілген праймериз қорытындысы 5 қазан күні жарияланады.