Үкіметтен 21 250 теңге көмек алған тұрғындар саны 2,3 миллионнан асты

Төлем алуға 2 миллион 541 мың адам өтініш берген

Үкіметтен 21 250 теңге көмек алған тұрғындар саны 2,3 миллионнан асты

Карантин жағдайында табысынан айырылған қазақстандықтарға біржолғы төлем төлеу жалғасуда. Шектеу шаралары тамыз айының ортасына дейін жалғасатындықтан, төлем мөлшері ең төменгі жалақының (42 500 теңге) жартысына, яғни 21 250 теңгеге тең. Бүгінде аталған соманы 2 млн 304,2 мың адам алып үлгерді, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Қаражат Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді. Төлем алуға 2 млн 541 мың қазақстандықтан өтініш келіп түскен. Олардың ішінде:

  • 834,9 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген;
  • 656,1 мың адам eGov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;
  • 394 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
  • 656,2 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы;
  • 0,2 мың адам штабтар арқылы өтініш берген.

Санаттар бойынша:

  • 834,9 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден келген (проактивті форматта);
  • 243,5 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берген;
  • 1 млн 463,1 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

Төлем 2 млн 329,1 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 320,9 мың қазақстандыққа аударылды.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан аумағында карантиннің 2 аптаға созылуына байланысты МӘСҚ-тан біржолғы төлем алушыларға 0,5 ЕТЖ – 21 250 теңге мөлшерінде қосымша ақы төленеді.

2020 жылдың шілдесінде МӘСҚ-тан біржолғы төлем алған қазақстандықтарға карантиннің ұзартылуына байланысты қосымша ақы автоматты түрде тағайындалады. Қайта өтініш берудің қажеті жоқ.

Карантин ұзартылғаннан кейін біржолғы төлем тағайындауға алғаш рет өтініш берген азаматтарға төлем 1,5 ЕТЖ немесе 63 750 теңге (42 500 + 21 250 теңге) мөлшерінде тағайындалады.

Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.