Кездесуге Қазақстан, Ресей және Үндістаннан келген жас таланттар қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин жасанды интеллектіні меңгерген талантты жастармен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.
«Аға буынның парызы – талантты жастардың кәсіби тұрғыдан шыңдалуына жағдай жасау. Бұл, шын мәнінде, мемлекеттік маңызы бар міндет. Біз сіздердің ешқандай қиындықсыз лайықты білім алып, осы күрделі әлемде мемлекеттеріміздің өсіп-өркендеуіне және қауіпсіздігіне өз үлестеріңізді қосу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.