Төрағасы – Скляр: Тоқаев тағы бір маңызды комиссияның құрамын бекітті

Автор: Бақыт Шынар

Бұл комиссия стратегиялық жоспарлаумен айналысады

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекітті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Осы комиссияны құру мақсатында президент «Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.

«Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссия мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың бағыттары мен тәсілдерін тұжырымдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқаруды реформалаудың кешенді жоспарын әзірлеу үшін жүйелі ұсыныстарды қарау мақсатында құрылды», - деп хабарлайды Ақорда.

Комиссияның жұмыс органы – Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, ал төрағасы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Роман Скляр болады

«Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, Құрылтай депутаттары және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері кірді. Отырыстарға мүдделі орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ басқа да ұйымдардың өкілдері қатыстырылуы мүмкін», - деп хабарлаған Ақорда.

Комиссия құрамына мына 21 адам кірген:

Скляр Роман Васильевич — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға

Ерғалиев Әсет Арманұлы — Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы, төрағаның орынбасары

Смайылов Әлихан Асханұлы — Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы

Қойшыбаев Ғалымжан Тельманұлы — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы

Жұманғарин Серік Мақашұлы — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі

Мәдиев Жаслан Хасенұлы — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі

Жиенбаев Ержан Нұрланұлы — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары

Есекеев Қуанышбек Бақытбекұлы — Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі

Жазықбай Дархан Медеғалиұлы — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы

Сәрсембаев Ерлан Жақсылықұлы — Қазақстан Республикасының Әділет министрі

Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы — Астана қаласының әкімі

Ахметжанов Марат Мұратұлы — Ақмола облысының әкімі

Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы — Алматы қаласының әкімі

Ақшолақов Болат Оралұлы — Атырау облысының әкімі

Байманов Шахмардан Асқарұлы — Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Есімханов Сұңғат Қуатұлы — Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитеті төрағасының орынбасары

Каринова Шолпан Таңатқызы — Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Смышляева Екатерина Васильевна — Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті төрағасының орынбасары

Лукин Андрей Иванович — Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі

Мусин Бағдат Батырбекұлы — Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі

Шайымова Айгүл Амантайқызы — Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары, хатшы