Қасым-Жомарт Тоқаев Кремльде Владимир Путинмен кездесті

Автор: Алмас Ерсін

Кездесуде цифрландыру, жасанды интеллект және екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің кездесуі Кремльде өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында мемлекет басшылары цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту мәселелері, сондай-ақ алдағы AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысу жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар екіжақты саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайына ерекше назар аударылды.

Еске салайық, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Мәскеуге барған болатын. Сапар аясында Мемлекет басшысы жасанды интеллект жөніндегі AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысады.