Тоқаев Путиннің шақыруымен Мәскеуге барады

Автор: Бақыт Шынар

Жұмыс сапары кезінде президент халықаралық конференцияға қатысады

Фото: Ақорда

25-26 қараша күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеу қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Бұл туралы президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров ресми мәлімдеді.

«Сапар аясында мемлекеттер басшылары кездесу өткізіп, Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі нығайту перспективасын талқылайды», - деп жазған Смадияров.

Оның дерегінше, президент жасанды интеллект тақырыбына арналған AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысады.