Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі ауысты
Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз әкімшілігінде бірқатар ауыс-түйіс жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорда жазғандай, бүгін Президент әкімшілігіндегі мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісін ауысқан.
«Мемлекет басшысының өкімімен Әлихан Жамсатов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босады. Оның орнына Ренат Айтаев Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды», - деп хабарлайды Ақорда.
Айта кетейік, бүгін президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысын ауыстырған.