Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды
Бүгін, 16 қараша күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінде ауыс-түйіс жасады. Дәлірек айтқанда, президент комитеттің төрағасы болған Ермек Сағымбаевты жұмысынан босатып, оның орынбасарын комитет төрағасы етіп тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ғатаұллаұлы Ирменов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босады», - деп хабарлайды Ақорда.
Естеріңізге сала кетейік, Марат Ирменов 1993 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, ал 1996 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті институтын тәмамдаған. Халықаралық құқық және нарық академиясының да дипломы бар.
II дәрежелі «Даңқ» орденімен, мемлекеттік, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен наградталған.
ҚР ҰҚК Құрметті қызметкері болып табылады.
2019 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнайы атағын алған.
Мансабы
1996-2000 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел лауазымдарындағы қызметі;
2000-2025 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарының басшы лауазымдарындағы қызметі;
2025 жылғы қазаннан бастап – ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары.