Бүгін, 16 қараша күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болған Ермек Сағымбаевты лауазымынан алып тастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы лауазымынан босады», - деп хабарлайды Ақорда.
Естеріңізге сала кетейік, Ермек Сағымбаев 1967 жылы 11 қазанда туған. Бірнеше жоғары білімі бар.
I және II дәрежелі «Даңқ» ордендері, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен наградталған.
ҚР МКҚ және ҰҚК құрметті қызметкері болып табылады.
2020 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры атағы берілді.
2022 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты атағы берілді.
Мансабы
1994-2006 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел және басшы лауазымдарында қызмет;
2006-2019 жылдары – ҚР Президентінің Күзет қызметінің жедел және басшы лауазымдарында қызмет;
2019-2021 жылдары – Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – ҚР Президентінің Күзет қызметінің бастығы;
2021-2022 жылдары – Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндеттерін атқарушы, бастығы;
2022 жылғы қаңтардан бастап ҚР ҰҚК Төрағасы болған.