Вице-президент, Құрылтай мен ҰҚК төрағалары: Ұлттық пантеонға кімдер жерленеді

Үкімет Ұлттық пантеонға жерленетін тұлғалардың тізімін кеңейткен

Вице-президент, Құрылтай мен ҰҚК төрағалары: Ұлттық пантеонға кімдер жерленеді
Фото: ЖИ жасаған

Қазақстан Республикасының үкіметі 4 қарашадағы қаулы арқылы Ұлттық пантеонға жерленетін тұлғалардың тізімін кеңейтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жаңа өзгерістерге сай, Ұлттық пантеонға жерленетін лауазым иелерінің құрамын жаңартып отыр.

Жаңа ережеге сай, енді Ұлттық пантеонға Қазақстанның:

  • вице-президенттері,  премьер-министрлері мен оның орынбасарлары;
  • Құрылтайдың төрағалары мен оның орынбасарлары;
  • Қазақстан Халық Кеңесінің төрағалары мен оның орынбасарлары;
  • Мемлекеттік хатшылар мен мемлекеттік кеңесшілері;
  • Президент әкімшілігінің жетекшілері;
  • Конституциялық Кеңестің, Конституциялық соттың, Жоғарғы сот пен Ұлттық банктің төрағалары:
  • Қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарлары;
  • Министрлер мен тікелей Президентке бағынатын мемлекеттік органдардың жетекшілері
  • Астананың, республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардың әкімдері жерленеді.