Мәртебелі мейманды Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жеке өзі шығарып салды
Қазақстан Республикасына ресми сапармен келген Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмонның сапары өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды келіссөздер мен саммит шаралары сәтті аяқталды.
Астана халықаралық әуежайында мәртебелі мейманды Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жеке өзі шығарып салды.
Сапар аясында Қазақстан мен Тәжікстан президенттері келіссөздер жүргізіп, екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасындағы байланыстарды тереңдетуге арналған Бірлескен мәлімдеме қабылдады.