Тоқаевтың алдында 255 адамның құжаты жатыр - Қазақстанның азаматтығына қызыққандар 40 есеге көбейген

Сондай-ақ 43 адамды біздің еліміздің азаматтығынан шығару туралы ұсыныс айтылған

Тоқаевтың алдында 255 адамның құжаты жатыр - Қазақстанның азаматтығына қызыққандар 40 есеге көбейген
Фото: ЖИ/ Әбілқасым Есентаев

Бүгін Қазақстанның вице-президенті Ерлан Қариннің төрағалығымен Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың басапсөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Дереккөзге сүйенсек, комиссия президенттің атына 255 адамды Қазақстан азаматтығына қабылдау туралы ұсыныс енгізген екен. Сондай-ақ комиссия 43 адамның азаматтықтан бас тарту туралы өтінішін қанағаттандыруды ұсынбақ.

Ерлан Қарин соңғы жылдары Қазақстан азаматтығынан шығуға ниет танытатындардың саны азайғанын, дәлірек айтқанда, соңғы 8 жылда 40 есеге жуық азайғанын мәлімдеді.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, төлқұжатымыздың беделі жылдан жылға нығайып келеді. Бұл Қазақстанның тартымдылығы арта түсті деген сөз. Түрлі индекстердің деректеріне сәйкес, Қазақстан төлқұжаты өңірде ең таңдаулы саналады. Азаматтарымыз әлемнің 80-ге жуық еліне визасыз қатынай алады», – деді Ерлан Қарин.

Жалпы, шетелдің ІТ, бизнес салаларының көрнекті өкілдері, инвесторлар, ғылымдар мен мәдениет қайраткерлері үшін дәл қазір Қазақстан азаматтығы тартымды болып барады. Өйткені, бүгін ғана Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев ресей-американ кәсіпкері Алекс Машрабовтың Қазақстан азаматы атанғанын мәлімдеген еді.