Шұғыл: Тоқаев Бектеновтің орынбасары әрі көлік министрі етіп Әсел Жанасованы тағайындады

Ол бұған дейін бірқатар ұлттық компанияларда қызмет еткен

Шұғыл: Тоқаев Бектеновтің орынбасары әрі көлік министрі етіп Әсел Жанасованы тағайындады
Фото: primeminister.kz

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев министрлер кабинетінде бірқатар ауыс-түйіс жасады. Дәлірек айтсақ, ол Нұрлан Сауранбаевты көлік министрі лауазымынан босатып, оның орнына Әсел Жанасованы тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Көлік министрі болып тағайындалды», - деп хабарлайды Ақорда.

Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босады.