«Бұлардың бәрі қытайшаға судай»: Тоқаев Теміртауда министрлерді мысқылдап, қалжыңдады (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Президент аудармашысыз, өзі қытай тілінде келіссөз өткізген

Фото: скриншот

Кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барған еді. Теміртаудағы Qarmet кәсіпорнында қытайлық ACRE компаниясының өкілдерімен кездескен президент жанына аудармашы шақырмай-ақ, таза қытай тілінде сөйлеген. Бірақ, үкімет мүшелері бұл келіссөзді түсінген жоқ, деп жазады Azattyq Rýhy.

Журналист Әділ Балтабаев таратқан видеоға қарасақ, үкімет мүшелері, яғни, премьер-министрдің орынбасарлары мен бірнеше министр президенттің артында тұр.

Тоқаев аудармашыны тоқтатып қойып, шетелдік серіктестермен қытай тілінде сөйлескен. Үкімет мүшелерінің түсінбей тұрғанын көріп ол, аудармашыға «аудара беріңіз» дегенде ишара танытады.

Сөз соңында президент «олар негізі қытайшаға судай» деп министрлерді мысқылдайды.