Беларусьте өткен президенттік сайлаудың нәтижелері жаңартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Сайлауға қатысқан халықтың 4,6%-і «Бәріне қарсымын» деп дауыс берген

фото: ашық дереккөзден

Беларусь орталық сайлау комиссиясы президенттік сайлаудың алдын ала қорытындысын жаңартты. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

Осылайша, қазіргі мемлекет басшысы Александр Лукашенко 80,08%, ал оның басты қарсыласы Светлана Тихановская 10,09% дауыс жинаған. Қалған 3 үміткердің әрқайсысының жинаған дауыстары 1%-тен асқан.

Ал, сайлауға қатысқан халықтың 4,6%-і «Бәріне қарсымын» деп дауыс берген.  

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Светлана Тихановская саяси дода нәтижелерін заңсыз деп танып, орталық сайлау комиссиясын дауыстарды қайтадан санауға шақырды.