Ақорда мәртебелі қонақтардың қала көркіне тамсанып тұрған суретін көрсетті
Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Бельгиялықтар Королі және Патшайым Матильданы салтанатпен қарсы алып, тар құрамда және кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді, деп жазады Azattyq Rýhy.
Ақорда хабарлағандай, ресми келіссөздерден бөлек, президент мәртебелі қонақтарға Ақорданың терезесінен Астананың көркін тамашалатқан екен.
Айта кетейік, Бельгия Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильданың Қазақстанға мемлекеттік сапары кеше, 11 қазаннан басталған. Президент оларды әуежайдан өзі күтіп алған.
Ал бүгін таңертең Тоқаев мәртебелі қонақтарды Ақордада сән-салтанатымен қарсы алды. Сол кезде тікұшақтар Ақорданың үстінен Қазақстан мен Бельгияның туын алып ұшты.